Ел және астана тарихымен танысу
29.11.2019
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: Детский сад "Қарлығаш"
Кәсіпорынның №1 балабақшасының "Барыс" мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері "Ел және астана тарихымен танысу" танымдық жобасын жүзеге асыру аясында "Бәйтерек" монументіне экскурсияға барды. Балалар Астананың ерекше символының пайда болу тарихымен, ғимараттың архитиктурасының ерекшеліктерімен танысты.
Елбасы алақанының ізіне қолдарын қойып, өздерінің арман-тілектерін айтуға мүмкіндік алды. Экскурсия балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш, ел үшін мақтаныш сезімін сыйлады.