ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДА ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ

17.06.2024
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: admin
ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының логопедтері түзету сабақтарын өткізіп тұрады. Ұсақ қол моторикасын не үшін және қалай дамыту керек? ▪️саусақтардың, қолдың дәл қимылдары, сүйек, бұлшықет және жүйке жүйелерінің қызметін үйлестіру қимыл проекциясына жауап беретін ми аймақтарын белсендіреді; ▪️бұл бөлімдердің сөйлеу аймағына жақындығы балаларда сөйлеудің қалыптасуын, дамуын жақсартады; ▪️саусақтарға жүктеме неғұрлым көп болса, бала кішкентай, дәл қимылдарды қаншалықты жиі жасаса, соғұрлым тезірек сөйлеуді үйренеді; ▪️ұсақ қол моторика қимыл, визуалды есте сақтау, үйлестірумен байланысты. Тұрақты жаттығулар ойлауды жақсартады, зейінді, байқағыштықты дамытады; ▪️дәл қимылдар кез-келген жастағы балаға оқуда, күнделікті өмірде де пайдалы. Ұсақ қол моторикасын қалай дамытуға болады? Ол үшін келесі іс-қимылдар пайдалы: ▪️ұсақ заттармен ойнау (моншақтармен, баумен және т. б.); ▪️көңілді рифмалармен немесе әндермен сүйемелденетін саусақ ойындары; ▪️саусақ массажы; ▪️сурет салу; ▪️мүсіндеу. ❗️Маңызды! Ұсақ заттармен ойнау кезінде бала бөлшектерді аузына немесе мұрнына тықпауы үшін міндетті түрде ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек. Сабақтан кейін ұсақ бөлшектерді баланың қолы жетпейтін жерге қоюды ұмытпаңыз.