Мектепке дейінгі білім берудің даму бағыты: балабақшада алғашқы педагогикалық кеңес №1 өтті
03.09.2025
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: РГП на ПХВ "Детский сад "Карлыгаш"
2025 жылғы 3 қыркүйекте балабақшада мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету және 2025–2026 оқу жылындағы педагогикалық ұжымның негізгі міндеттерін айқындау мақсатында алғашқы педагогикалық кеңес №1 өтті.
Кеңес жұмысына 80-нен астам педагог қатысты.
Талқылау барысында алдыңғы педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуына талдау жасалды, балалармен жүргізілген жазғы сауықтыру жұмыстарының қорытындылары шығарылып, «Жазғы вайб!» бейнепрезентациясымен толықтырылды.
Іс-шара барысында келесі негізгі тақырыптар қозғалды:
тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру, жылдық жоспарды бекіту;
«Бастау» бағдарламасын іске асыру аясында жаңа модульдерді әзірлеу;
білім сапасын мониторингтеу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
балалардың тамақтану және сауықтыру жүйесін жетілдіру.
Педагогтердің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінді: аттестаттау бойынша куәліктер табысталып, біліктілікті жетілдіру тетіктері талқыланды.
Іс-шара соңында педагогтар №1 педагогикалық кеңестің шешім жобасын қабылдады.
Сонымен қатар «Көңілді серуендегі қызықты ойындар» атты көрме ұйымдастырылып, балалардың серуен кезіндегі ойын әрекеттерін түрлендіруге арналған әдістемелік және ойын материалдары ұсынылды.