17.10.2019 Қарлығаш балабақшасында «Қазақ тіліне бойлау жобасының ерекшеліктері мен жүзеге асыру жолдары» тақырыбында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының өкілдері семинар – тренинг өткізді
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК педагогтеріне арналған 2019 жылдың 14-18 қазан аралығында «Қазақ тіліне бойлау жобасының ерекшеліктері мен жүзеге асыру жолдары» тақырыбында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының өкілдері семинар – тренинг өткізді.
Семинар қатысушылары балаларды оқытудың озық әдістерімен, соның ішінде қазақ тілін үйретудегі «Тілдік ортаға бойлау әдісі» әдістемелерін танып, үйренді. Кәсіпорынның 20 педагогі біліктілігін арттыру сертифакаттарына ие болды.