13.12.2023 ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ НЕЙРОГИМНАСТИКА ЖӘНЕ КИНИЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Ми гимнастикасы немесе нейрогимнастика - бұл әртүрлі психикалық үрдістерді белсендіретін қарапайым қозғалыстар жиынтығы. Олар миды белсендіруге сонымен қатар: ✓ сөйлеу мен ойлауды дамыту; ✓ есте сақтау мен зейінді жақсарту; ✓ ақпаратты өңдеу жылдамдығын арттыру; ✓ ұсақ және жалпы моториканы дамыту үшін бағытталған. Нейрогимнастика кішкентай балаларға денені басқаруға және шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Көңіл-күйді жақсартып, алаңдаушылық пен қорқыныштан арылтуға мүмкіндік береді. Себебі ми жаттығуларының оң әсері балаға өмір бойы азық болады. Біздің балалар жақсы көретін жаттығулар: • «Құлақ-мұрын» • «Мұрын-еден-төбе» • «Жұдырық-қабырға-алақан» • «Капитан» Жаттығудың оң әсеріне қол жеткізу үшін күн сайын бірнеше минут жаттығып, біртіндеп қарқынын жылдамдатқан жөн. Нейрогимнастика - бұл ересектерге де, балаларға да сәйкес келетін миды "қозғалтудың" оңай және қызықты тәсілі. Сонымен қатар күнделікті отбасылық дәстүрге айналатын пайдалы уақыт өткізудің таптырмас мүмкіндігі.