19.01.2024 ТОП-3 ЕРТЕГІ
📝Балаңызға ұйқы алдында қандай қызықты әрі пайдалы ертегі оқуға болады? 📝Сіздер үшін ТОП-3 айдарын ұсынамыз! Балалар әдебиетінің үздік шығармаларын сақтап алыңыздар! 📚«Қазақ халық ертегілері» жинағы Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауысарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз халық ертегілерінің қаһармандары бар мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. 📚«Дәуіт атайдың ертегілері» - кішіні де, үлкенді де баурап алатын сиқырлы ғажайып ертегілермен үйлесім тапқан терең, мағыналы да мәнді туынды. Дәуіт атайдың ертегілеріндегі кейіпкерлердің соғыстан кейінгі қиын-қыстау замандағы ауыртпалыққа қарамастан, жүректеріндегі рух-жігерді, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін жоғалтпай, нағыз дос, қайырымды адам болып қалуы жүрекке жылу ұялатады. 📚«Армансыз адам — қанатсыз құспен тең» демекші, арман адамды қанаттандырады, алға жетелейді, ынталандырады, күш сыйлайды. Жолыңа сәуле шашып, биік мақсаттарға жетелейді, өмірден өзіңді табуға көмектеседі. Біздің кейіпкеріміз Синанның да өз арманы болатын. Ол бала кезінен суретші болуды армандайтын. Алайда қолына қылқаламын алып, енді отыра бергенде бір іс дайын тұратын. Сөйтіп, сүйікті ісіне қанша көңіл бөлгісі келгенімен, уақыт тоқтаусыз өте берді. Күндердің күнінде газеттегі хабарландыруды көзі шалып, жүрек түбіндегі арманы қайта оянады.