05.08.2024 ҚР ПІБ МО "Қарлығаш" балабақшасы "РМК-да ECERS-3 шкаласы негізінде мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалауды пайдалану бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
Кәсіпорынның балабақшаларында тәрбие-білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында ECERS-3 шкаласы негізінде мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау қолданылады. (Анықтама: 2021 жылдан бастап). 2022 жылы Кәсіпорын педагогтері мектепке дейінгі ұйымда ECERS-3 құралын пайдалану бойынша оқытудың үш деңгейінен өтті: 1 деңгей – «Өзін-өзі бағалау шебері» - 48 педагог (ақысыз); 2 деңгей – «Сапа зерттеушісі» - 20 педагог (ақылы негізде Мәскеу қаласындағы «Балалық шақ университетінен» біліктілікті арттыру туралы куәлік); 3 деңгей – «ECERS сарапшылары» - 4 педагог (ақылы негізде Мәскеу қаласындағы «Балалық шақ университетінен» біліктілікті арттыру туралы куәлік). 3-ші оқу деңгейінің қорытындысы бойынша 2 педагог республикалық және халықаралық деңгейдегі «ECERS сарапшылары» ретінде сертификатталды, 2 педагог оқыту қорытындысы бойынша білім беру сапасын өзін-өзі бағалау бойынша мамандар болып табылады және өз ұйымында мектепке дейінгі топтарды бағалауды жүргізе алады және сараптама негізінде педагогтерге сапаны дамыту бойынша семинарлар өткізе алады. Кәсіпорынның балабақшаларында «ECERS-3» шкаласын қолдана отырып, сапаны бағалауды сертификатталған сыртқы және ішкі Сарапшылар тұрақты негізде жүргізеді. Бақылау ерте балалық шақтағы қоршаған ортаның рейтингтік шкаласын қолдану арқылы жүзеге асырылады (ECERS-3). «ECERS-3» мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау шкаласы 6 кіші шкалаға топтастырылған: 35 көрсеткішті бағалайтын Ликерт шкаласы бар бақылау парақтары болып табылады: заттық-кеңістіктік орта, бала күтімі және күту, сөйлеу және сауаттылық, белсенділік түрлері, өзара әрекеттесу, бағдарламаны құрылымдау. Шкаланың 35 көрсеткішінде 468 индикатор бар. 2021 жылғы желтоқсан – 2022 жылдар кезеңінде Кәсіпорынның балабақшаларындағы мектепалды топтарда, 2023 жылғы желтоқсанда орта топтарда және 2024 жылғы наурызда ересек топтарда «ECERS-3» шкаласын пайдалана отырып, сапаны бағалау жүргізілді. Кәсіпорынның балабақшалары бойынша бақылау нәтижелері бойынша келесі көрсеткіштер анықталды: ортаңғы топтар - орташа бал - 3,5; ересек топтар – орташа балл - 4,2; мектепалды даярлық топтар – орташа балл – 3,75. Сарапшылар ұсыныстар берді. Кәсіпорында «ECERS-3» талаптарына сәйкес заттық-кеңістіктік дамытушы ортасын (бұдан әрі ЗКДО) толықтыру жалғасуда. Топтардағы ЗКДО маусымға, аптаның тақырыбына және балалардың қызығушылықтарына сәйкес үнемі жаңартылып отырады. Топтардағы ЗКДО «ECE R S-3» барлық талаптарына сәйкес келеді. Топтық үй-жайларды аймақтарға бөлу балалардың танымдық, зияткерлік және физикалық ерекшеліктері мен жасына, сондай-ақ МЖМБС талаптарына сәйкес өте икемді жүзеге асырылады. Әр топта балалардың өзіндік ойын әрекеттері үшін белсенділік орталықтары жабдықталған: 1. рөлдік ойындар және драма орталығы; 2. шығармашылық орталығы; 3. математика орталығы; 4. дене белсенділігі орталығы; 5. ұсақ моторика орталығы; 6. құрылыс орталығы / текшелер; 7. ғылым орталығы; 8. құм және су орталығы; 9. кітап орталығы (оқу); 10. музыка орталығы; 11. оқшаулау орны. Сонымен қатар, балабақшалардың дәліздерінде даму аймақтары ұйымдастырылған:  «Kidzania» кәсіптер паркі;  «Ойынханалар» қимыл-қозғалыс, үстел және логикалық ойындарға арналған орталықтары (шахмат, тоғызқұмалақ, хоккей, футбол, батут, шығармашылық бұрышы);  танымдық мультфильмдер, роликтер, оқу материалдарын көрсету үшін Сinema «Қарлығаш» кинозалы;  балалар және мобильді кітапхана;  «Ұлттық құндылықтар» қазақ ұлттық этнобұрыш;  ұлттық ойындар аймағы. 2024 жылдың қаңтарында Кәсіпорында «ECERS-3» шкаласы бойынша «Білім беру сапасын өзін-өзі бағалау» сауалнамасы өткізілді. Сауалнамаға 36 топ қатысты. 10 ұпайдың орташа балы - 8,1. Өзін-өзі бағалау «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау құралдарын (критерийін) пайдалану бойынша Әдістемелік нұсқаулық» негізінде жүргізілді, жоғарыда аталған әдістемелік нұсқаулықты 2022 жылғы 23 қарашадағы №11 хаттамалық шешімге сәйкес ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынды. Өзін – өзі бағалау парағын 36 топтың тәрбиешілері толтырды: №1 б/б – 13, №2 – 8; №1- 15. Сапаны бағалау құрамына құрылымдық сапаны, педагогикалық процесті, күтілетін нәтиженің сапасын бағалайтын компоненттер, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалаудың әзірленген критерийлері кірді. Өткізілген іс-шараларды талдау нәтижесінде Кәсіпорын «ECERS-3» шкаласы құралын пайдалана отырып, балабақшаларда тәрбие-білім беру процесінің сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда.